Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы учаске жабылды

22 Маусым 2023, 17:01 1160

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік ел даңғылында жол жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 23 маусым мен 5 шілде аралығында Хусейн бен Талал көшесінен бастап Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: