Астанада Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, бұған LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждау жұмыстары себеп болып отыр. Осыған байланысты аталған жол қиылысын 3 қарашада сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін толығымен жабу жоспарланып отыр.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз,-делінген мәліметте.