Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады

26 Шілде, 20:44 476

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қозғалыс 26-29 шілде аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы оң жағымен бір бағытта ғана жүзеге асырылатын болады ("Марал" көпірінен Мәңгілік Ел даңғылына қарай).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы аса маңызды. 

Зарина Арман
Бөлісу: