Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

13 Шілде, 05:18 1217

Астанада қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында орналасқан көлік айрығының жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, қозғалыс осы жылдың 12 шілдесі сағат 21:00-ден 15 шілдесіне дейінгі аралықта «Марал» көпірінен Д.Қонаев көшесіне қарай ішінара жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы сол жағымен (Д.Қонаев көшесінен «Марал» көпіріне қарай) бір бағытта жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Зарина Арман
Бөлісу: