Астанада LRT құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды

29 Қазан 2022, 20:30 2290

Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды

Елорда әкімдігі Астанада LRT құрылысының қалай жүріп жатқанын айтты. 2023 жылы учаскелерде темір-бетон құрылымдарын, инженерлік желілерді шығаруды аяқтау және М3 көпірін салу жоспарланып отыр.

"Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша LRT желісінің құрылысын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды. 2022 жылы 102-103 бекеттерінде жоспарланған арқалықтарды, торларды, 113-114 бекеттерінде қадаларды орнатуды аяқтау жоспарланып отыр", –  деді әкімдік өкілдері.

EL.KZ
Бөлісу: