Астанада LRT құрылысына байланысты Мәңгілік ел даңғылындағы жолайрық жабылады

Кеше, 23:11 126

Астанада LRT 112-113 аралығындағы құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарлануда. Осыған байланысты Мәңгілік даңғылындағы жолайрық жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 қазанда сағат 23:00-ден 21 қазанның сағат 06:00-ге дейін Сығанақ көшесімен қиылысындағы Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі деп жоспарлануда. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: