13.04.2025
16:02
1037
Астанада LRT құрылысына байланысты көшелер жабылады

Астанада LRT құрылысына байланысты көшелер жабылады

CTS компаниясының мәліметінше, Астанадағы көлік айрығында LRT құрылысына байланысты уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, 101-102 учаске аралығында болат қорапты арқалықтарды орнату жұмыстарына байланысты:

  • 14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы «толық клевер» типіндегі көлік айрығында (Қарағанды тас жолы жағынан Қосшы қаласына бағытта) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

  • 15 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін сол учаскеде, бірақ Қосшы қаласы жағынан Қарағанды тас жолына бағытта қозғалыс шектелетін болады.

Жүргізушілерге уақытша қиындықтар үшін түсіністік танытып, балама бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі.