Астанада ЛРТ-ға қытайша жазылған баннерлер ілінген

23 Тамыз 2023, 12:13 1194

Әлеуметтік желіде Астанадағы ЛРТ-ға қытайша жазылған баннерлер ілінгені жайлы сурет тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл жайтқа қатысты CTS баспасөз қызметі пікір білдірді.

Оқи отырыңыз:

Astanovka98 Telegram-каналында қытай және орыс тілдерінде жазуы бар баннердің суреті жарияланды. Баннер ЛРТ-ға ілініп, былай деп жазылған: «Мекеме қауіпсіздікте ұтады. Бағаласаң, өмір құнды». Біздің оқырмандарды ЛРТ-дағы осындай жазба таңғалдырғаны рас. Қазақстандағы ең ауқымды құрылыс жобасының бас мердігері қытайлық China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd компаниясы екені жасырын емес, – делінген мәлімдемеде.

CTS баспасөз қызметі мұндай баннерлерді мердігерлер ұжымдық рухты көтеру үшін қолданатынын айтты.

Мердігерлер мұндай баннерлерді ұжымдық рухты күшейту үшін қолданады. Сонымен қатар баннерлер қауіпсіздік техникасына байланысты ілінеді, – делінген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: