27.11.2024
10:07
708
Астанада лифтте қалып қойған балалар құтқарылды

Астанада лифтте қалып қойған балалар құтқарылды

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 қарашада Астана қаласының Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 3-4 қабаттардың аралығында лифтте екі бала қалып қойған.

Шақыру орнына келген құтқарушылар "Фомка" әмбебап ломның көмегімен лифт есігін ашып, 2014 және 2015 жылы туған балаларды құтқарды. Балалар ата-аналарына табысталды. Оларға медициналық көмекке қажет болмады, - делінген хабарламада.