Астанада куберлер мемлекеттік тудың бейнесін рубик текшелерінен құрастырды

30 Қазан, 07:23 160

Республика күніне орай астаналық куберлер «Mega silk way» сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды. Көрерменнің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 6 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері жастар мен балаларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Республика күніне орай MEGA SILK WAY сауда, ойын-сауық орталығының ұсынысын қабыл алып, Қазақстан картасында орналасқан еліміздің туын рубик текшелерімен жинаймыз деп шештік. Барлығы алты жігіт қатысты. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда спидкубинг спортын дамыту және еліміздің туын, елге қатысты басқа да суреттерді құрастыру арқылы көрерменнің патриоттық сезімін арттыруға ат салысу, - деді Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі Шыңғыс Қайырылбаширов.

Куберлердің өнерінен соң іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Перизат Саденова
Бөлісу: