Астанада көшеден тауып алған банк картасымен сауда жасаған әйел ұсталды

7 Қараша 2023, 10:42 1930

Елордада бөтен біреудің банк картасымен сауда жасаған әйел кісі құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы көшелердің бірінен тапқан банк картасымен дәріханадан 29 мыңға витамин сатып алған 48 жастағы әйел ұсталды. Жәбірленуші телефонына ақша аударымы туралы хабарлама келгенде, картасының жоқ екенін түсініп, полицияға шағымданған.

Бұл оқиға бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті істеген ісін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: