Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада көше қылмыстарының алдын алуға бағытталған «Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобаны Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Модельдің мақсаты – қылмысқа бейім аумақтарды алдын ала анықтап, сол жерлерде профилактикалық шараларды күшейту. Жүйе соңғы 10 жылда тіркелген қылмыстық оқиғалар деректерін жасанды интеллект көмегімен талдап, нақты уақыт пен орынға қатысты қылмыс ықтималдығын болжайды.
Бұл жоба шеңберінде:
Полиция патрульдеу бағыттарын тиімді жоспарлайды;
Жергілікті билік бейнебақылау, жарықтандыру сынды қауіпсіздік шараларын ұйымдастырады.
Пилоттық кезең сәтті өтсе, жоба республиканың басқа ірі қалаларында да енгізілмек. Инициатива Мемлекет басшысының қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады