Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт сөндіріліп жатыр

Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт сөндіріліп жатыр

Астанада көпқабатты үйден шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы отқа оранған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй ретінде қолданылған. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады, - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт кезінде зардап шеккендер туралы дерек тіркелген жоқ.