Астанада көпқабатты тұрғынүй отқа оранды
22 Маусым 2024, 15:43
2245
Астана қаласында "Ханшатыр" орналасқан аумақта көп қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды, - деп жазылған ТЖМ-нің хабардамасында.
Төтенше оқиғаға қатысты El.kz ақпарат агенттігі қосымша мәліметтерді жариялайтын болады.
Бөлісу: