19.06.2024
20:06
1219
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астаналық өрт сөндірушілер алты адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында өрт шықты.

Құтқарушылар күшімен баспалдақ маршымен 6 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 40 минуттың ішінде өрт сөндірілді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала себебі анықталуда.