Астанада полицейлер балалар арбасымен қаланы аралап жүріп, есірткі тасымалдайтын курьерлер мен дропперлердің жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар жапсырмаларды жапсырған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған. Жедел іздестіру шараларынан кейін әйелді ұсталды.
Белгілі болғандай, ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алды.
Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.
Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.