Астанада контейнерді есірткі шығаратын зертханаға айналдырғандар сотталды

20 Қыркүйек, 13:45 527

Астанада есірткі зертханасы жойылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.

Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан. Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 келіден астам психотроптық заттар жойылды.

Нәтижесінде, сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: