09.10.2023
11:38
964
Астанада компьютер клубында телефон ұрлаған азамат ұсталды

Астанада компьютер клубында телефон ұрлаған азамат ұсталды

Астанада компьютер клубында телефон ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы аудандық ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 28 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам Абылай хан даңғылындағы компьютерлік клубқа келгені белгілі болды. Таңғы сағат 07:30 шамасында ол әкімшінің жұмыс орнында ұйықтап жатқанын және оның ұялы телефоны көзге көрінетін жерде тұрғанын байқаған. Содан күдікті жақындап келіп, алдымен оның іс-әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғына көз жеткізіп, содан кейін тіркеу орнынан iPhone 7 телефонын алып кеткен. Анықталғанындай, ер адам ұрланған гаджетті елордалық кафелердің бірінде төлемнің орнына қалдырып кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.