Астана қаласында көлігін жууға қалдырған тұрғын келеңсіз жайтқа тап болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жүгінген ер адамның айтуынша, келген хабарламадан кейін ғана банк картасынан белгісіз біреу сауда жасағанын түсінген.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 39 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, жәбірленуші кешкілік көлігін жууға алып келген. Қызмет көрсетуші осы кезді пайдаланып, көліктен банк картасын ұрлап алады да, ертеңіне қажеттілігне орай пайдаланған.
Қазіргі таңда, ұсталған ер адамнан тиісті жауаптар алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.