Астанада ҚХА Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтіп жатыр

30 Қазан 2018, 11:26 1986

Астанада Конгресс-орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдістер мен этномәдени байланыс" тақырыбында Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ғылыми-сарапшылық кеңес пен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, дипломатиялық корпустардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, Назарбаев университетінің профессорлары, өңірлік ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедраларының мүшелері, жоғары оқу орындарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

Іс-шараның модераторы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтік ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова кеңейтілген отырыстың мақсаты Орталық Азия аймағындағы этноәлеуметтік заманауи үдерістері туралы пікір алмасу, қоғамдық сананың жаңғыру жағдайындағы этномәдени диалогтың дамуының өзекті трендтерін анықтау екенін айтып өтті.

Сонымен қатар А. Сәдуақасова кеңес отырысына Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдерінің өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В. Божко, С. Абдрхаманов қатысып отырғанын атап өтті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

Бөлісу: