АСТАНАДА ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

24 Қаңтар 2019, 03:09 1924

25 қаңтарда Астана қаласы Nazarbayev University ғимаратында Жастар жылының ашылуы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы көшбасшыларының Self-made жастар форумы өз жұмысын бастайды.

Форум TEDx форматында өтіп, спикерлер өздерінің табысты кейстері, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау және жастар саясаты туралы әңгімелейді, бизнес ашу және дамыту тәжірибесімен бөліседі.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Л.Прокопенко, И. Салжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жас табысты кәсіпкерлер, стартаперлер қатысады деп жоспарлануда.

Форум аясында ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының жобалары мен форумға қатысушылардың экономиканың түрлі секторларында енгізіп жатқан жаңа технологиялары таныстырылады.

Жастар жылының ашылу салтанатында Астанада алма бағын өсіру туралы ұсыныс айтқан жас фермер Тамила Разметова (Атырау қаласы) «Jastar» ірімшігінің және Махамбет ауданында өсірілетін мельба, апорт және нававита сорттарынан алманың дегустациясын өткізеді.

Форум басталғанға дейін ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының  құрамына енетін отандық тауар өндірушілердің, кәсіпшілердің, жас стартаперлер өнімдерінің көрмесі өтеді.

Бағдарламада арнаулы киім шығаратын «ASTANA Ютария ltd» ЖШС фабрикасына барып, тікелей өндірісте шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Бөлісу: