Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің учаскесі уақытша жабылады

5 Қыркүйек, 00:05 449

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша Ә.Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің осыған байланысты 4 қыркүйек күні сағат 20:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 17:00-ге дейінгі аралықта жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатынын мәлімдеді.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады, - делінген мәліметте.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: