14.04.2025
21:10
847
Астанада кәсіпкерлер "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Астанада кәсіпкерлер "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Елордалық кәсіпкерлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Олар Республика даңғылында жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кафелер, дүкендер және басқа да компаниялардың қызметкерлері қаланың тыныс-тіршілігі үшін тазалықтың маңыздылығын атап өтіп, айналасын ретке келтірді.

Ұжыммен бірге ай сайын сенбіліктер өткіземіз. Республика даңғылы – қаламыздың басты көшелерінің бірі және әрбір кәсіпкер өз аумағында тазалықты қадағалауы тиіс, – деді пиццериялар желісінің менеджері Алтынбек Өмірзақ.

Бастама қаланың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іске асырылды.