Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

11 Желтоқсан 2022, 06:26 1405

Ер адамдар кінәларын мойындап отыр

Астанада кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға «Elorda Eco System» ЖШС-дан белгісіз біреулердің кәріз қақпақтарын ұрлау фактісі бойынша арыз келіп түсті. Аталған факті бойынша кәріз қақпақтарын ұрлады деген күдікпен елорданың 30 және 35 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдар өздерінің көліктерімен (Газель және Kia Rio) түнгі уақытта Медеу, Қарталы, Оқжетпес, Ұлытау және Баршын көшелерінің аумағына 10 күн бойы келіп жүрген. Cодан кейін олар бөгде адамдардың жоқтығына көз жеткізіп, ұрлық жасаған, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдіктілер жалпы 16 дана металды ұрлап үлгерген. Оларды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған. Металдарды өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Ер адамдар кінәсін мойындады.

EL.KZ
Бөлісу: