03.10.2023
11:34
1084
Астанада кәмелетке толмаған балалар досының үйінен алтын бұйымдарды ұрлаған

Астанада кәмелетке толмаған балалар досының үйінен алтын бұйымдарды ұрлаған

Елордада кәмелетке толмағандар ұрлық жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен екі жасөспірімді анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, олар күнделікті сабақтан кейін, сыныптасының үйіне ойын ойнауға барып отырған. Күндізгі уақытта ата-аналары жұмыста болғандықтан, жасөспірімдер үлкендердің қарауынсыз болып, үйде емін-еркін жүрген. Кішкентай қожайынның көзін ала беріп, екі жасөспірім жатын бөлмесінде орналасқан сөренің ішіндегі қорапшадан алтын бұйымдарды ұрлаған. Жымысқы әрекеттерін бірнеше күн бойына қайталаған.

Жалпы саны 8 алтын жүзік пен алқаны қолды қылып, арызданушыға 600 мың теңгенің көлемінде шығын келтірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кәмелетке толмаған балалар заңды өкілдеріне тапсырылып, екеуін де ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.