Астанада кәмелетке толмаған 20 адам алаяққа алданған

23 Қазан, 05:32 855

Астанада кәмелет толмаған 20 адам алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Прокуратура мәліметінше, соттаушы жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы үлесін алатындарымен алдаған. Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны сотта дәлелденді.

Сот үкімімен келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді. Қала прокурорлары тұрғындарға тез және үлкен табыс әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді,-делінген прокуратура мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: