Астанада көше ортасында ішінде адам отырған жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Соның салдарынан жүргізуші көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды.
Жүргеновте көлік жанып кетті. ...Осы кезде көлік ішінде адам болды. Кейін оны шығарып алып, жедел жәрдеммен алып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген видео жазбасында.
Әзірге зардап шегушінің жағдайы туралы ақпарат жоқ.