Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер «Шапағат» сауда үйіндегі өртті сөндіруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ТЖМ құтқарушылары эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ.