31.08.2023
02:27
1273
Астанада Инклюзивті фестиваль өтті

Астанада Инклюзивті фестиваль өтті

Ботаникалық бақта Конституция күніне орай Инклюзивті фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фестиваль салауатты өмір салтын насихаттау мен қолдау, қоғамда инклюзияны дамыту, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының іске асырылып жатқан қайырымдылық бағдарламаларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестивальге 300-ден астам қатысушы – кәсіби және жас параспортшылар, «Қазақстан халқына» қорынан инновациялық және спорттық жүгіру протездерді, экзоскелеттерді алған қазақстандықтар, белгілі спортшылар, сарапшылар, медицина мамандары, серіктестер, ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

«Бүгінгі шарада барлықтарыңызды көргенімізге қуаныштымыз, әрқайсыңыздың үлгі-өнегелеріңіз бізді  ерекше жігерлендіреді. Сіздердің жетістіктеріңіз бір адам үшін ғана емес, мына баршамызға маңызды жеңіс. Сондықтан бүгінгі Фестивальді өткізуге бастамашы болдық. Осы күнді бізбен бөлісуге келгендердің барлығына мың алғыс», – деп атап өтті Болат Жәмішев.

Фестиваль алаңында бочча, отырып ойнайтын футбол, отырып ойнайтын волейбол, жүгіру және бейімдеу спорты бойынша мастер-класстар, сондай-ақ барлық ниет білдіруші қатысқан арнайы жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Мастер-класс қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.