ҚР ІІМ «ҚР Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, – делінген құжатта.
Тиісті академияны басқару жөніндегі уәкілетті орган болып ҚР Ішкі істер министрлігі белгіленді.
Академияны қаржыландыру ҚР ІІМ ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.