Елордада «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің төртінші күйтабағына арналған «FOLK & SYMPHONY» концерті өтуде, деп хабарлайды El.kz.
Дарынды ансамблдің концертін тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды. Көрермен «TURAN» ансамблінің орындауындағы туындыларды ерекше ықыласпен тыңдауда.
«TURAN» ансамблі концертті «Бүркіт», «Сырласу» атты күйін орындаудан бастады.
Аталған ансамбль қазір концерттің бірінші бөлімінде авторлық туындыларын орындаса, екінші бөлімінде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрімен бірге өнерлерін көрсететін болады.