Астанада еуропа мәдениетінің күнін атап өтті

21 Қыркүйек 2018, 05:46 1826

Астанада өткен бейсенбіде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Этнос күні шеңберінде Еуропа мәдениеті күні ұйымдастырылып өткізілді.

Фестиваль Қазақ музыкалық драма театрының қойылымымен ашылды. Бұл ретте Аполлон, Трубадур, Терпсихора мен Мельпомена көрермендерді өнер әлеміне терең бойлатып, шеберліктерімен көпшілікті тәнті етті.

Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктер арасынан «Возрождение» неміс қоғамы» «Алеф» еврей мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси» қоғамдық бірлестігі, «Поляк» қоғамдық бірлестігі мен «Злата» болгар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары да өз өнерлерін орта,а жайып салды.

Фестиваль бағдарламасына сәйкес, поляк, болгар және неміс әндері шырқалып, жұртшылық тарапынан өнерпаздарға жылы лебіз білдірілді. Ежелгі және қазіргі эстарадалық әндерді орындап шыққан «Шпете Блюмен»  және «Цветанка» вокальды ансамбіліне де көпшіліктің ықыласы ерекше болды.

Попурри сарынымен скрипкашы Мусахан Турунтаев еврей әндерін орындады. Ал поляк қоғамдық бірлестігі атынан шыққан жас өрендер өздерінің өнерлерімен келушілердің көңілін баурап алды.

Сонымен бірге, бейбітшілік пен қайырымдылыққа негізделген Этнос күнінің дәстүрлі нышаны «Ізгі тілек ағашын» этномәдени бірлестіктер игі тілектерімен безендірді.

Елордалық этностардың мәдениетін жан-жақты ашып көрсететін «Этнос күні» жыл ішінде бірнеше іс-шаралар кезеңін қамтып өткізілетінін атап өткен жөн.

 

 

Бөлісу: