Астанада этномедиация институтын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

5 Тамыз, 23:02 484

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырысқа  орталық мемлекеттік органдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Қазақстанның барлық өңірлерінен этномедиаторлар мен этносаралық саладағы сарапшылар белсенді қатысты.

Кеңестің басты бағыты Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында этномедиация институтын дамыту және ІІІ Ұлттық Құрылтайдағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша тапсырмаларының орындалу барысын талқылауға арналды.

Марат Әзілханов «Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт» тұжырымдамасының жүзеге асырудағы міндеттерді ескере отырып, этномедиация институтын тиімді дамытудың және этномедиаторлардың сапалық жаңа пулын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ сарапшылар, оқу бағдарламаларын әзірлеушілер мен іске асырушылар, өңірлік этномедиация орталықтарының өкілдері үшін этномедиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін, оның ішінде өңірлік деңгейде талқылау бойынша тақырыптық пікірталас алаңдары өткізілді.

Бұдан бөлек, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Достық үйлерінің жұмысын жетілдіру бойынша кеңес өткізді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: