Астанада этнолингвистикалық мектеп директорларына арналған әдістемелік семинар өтеді

20 Ақпан 2019, 05:03 2914

21 ақпанда сағат 16.00-де №70 мектеп-лицейінде (Астана қ., Майқайын, 1), «Тілдік әралуандық арқылы қоғамдық келісім және ел бірлігіне» атты этнолингвистикалық мектеп директорларына арналған әдістемелік семинар өтеді.

Оның барысында этнолингвистикалық мектеп оқушыларының алдағы білім беру бағдарламалары талқыланады, сонымен қатар, әдіскерлер мен оқытушылардың жаңа жобалары ұсынылады. 

Аталған іс-шараның мақсаты – этнолингвистикалық кешендердің оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету, дамыған полиэтникалық тұлғаны тәрбиелеу бойынша этнопедагогикалық білім беруді жетілдіру.

Семинар жұмысына елордалық этнолингвистикалық кешендерінің директорлары мен оқытушылары, Білім беру бақармасының, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының және Астаналық ҚХА Хатшылығының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: