Астанада есірткіге қарсы күрес туралы драманың премьерасы өтті

30 Қараша 2024, 18:40 478

Астанада М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналған «Тәуелсіздер» деректі драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қойылым елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана - есірткісіз қала» акциясын іске асыру шеңберінде ұсынылды.

Әкімдіктің мәліметінше, премьераға Парламент Мәжілісінің депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары Есет Байкен мен Ерік Мейірханов, , қалалық басқармалардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Есірткіні қолданудың қайғылы салдарын жастарға жеткізу үшін есірткі бизнесіне қарсы насихаттың кез келген түрін қолдану қажет. Бұл жағдайда - театр. Ол адамдарды тартудың орталығы болып саналады және менің ойымша, жастар тағылымды спектакльді тамашалайды, - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Деректі драма белгілі бір себептермен тәуелділікке ұшыраған адамдар туралы болды. Көрермен өзін-өзі құрдымға жіберген қынжылтатын алты оқиғаны көрді. Драма нақты оқиғаларға негізделген. 

Сценарий жазу кезінде мен көптеген эмоцияны бастан өткердім. Бұл ауырсыну, ашулану және үмітсіздік. Сәттер толық күйреу болды. Есірткіге тап болған және өмірін құртқан адамдардың алты шынайы оқиғасы көрерменге есірткінің зұлымдық екенін анық көрсетуі керек, - деп атап өтті деректі драманың режиссері Олег Федоренко.

«Тәуелсіздер» деректі драмасы - бұл жай ғана спектакль емес, жас ұрпақты зиянды тәуелділіктен қорғауға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған әлеуметтік жоба.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: