27.05.2025
00:08
909
Астанада есірткі таратумен айналысқан курьер ұсталды

Астанада есірткі таратумен айналысқан курьер ұсталды

Астана қаласының полицейлері 27 жастағы азаматты ұстады, одан синтетикалық есірткі заты салынған 14 орама табылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткі тасымалдаушы курьер Нұра ауданының криминалдық полициясы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.

Тексеру кезінде күдіктінің шалбарының сол жақ қалтасынан ішінде белгісіз ұнтақ заты бар 13 орама табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Бектұров көшесіндегі ұстау орнында тағы бір осындай орама – “қойма” тәркіленді. Сараптама нәтижесінде табылған заттың “альфа-PVP” психотропты есірткі екені анықталды.

Тергеу барысында жас жігіттің есірткі курьері қызметін интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Ол есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, оларды шағын дозаларға бөліп, ақпараттық ресурстар арқылы және “қойма” әдісімен таратқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта қамауға алынды.