Астанада ерекше қайырымдылық жарысы өтеді

5 Тамыз 2023, 08:20 907

Астанада Jüregımnıñ Jenımpazy атауымен «Жүрек орталығы» қоры ұйымдастырған қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясы күніне орайластырылып отыр.

Жарыс 6 тамызда өтеді. Іс-шараның өткізілуіне байланысты осы күні таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін көшелердің мынадай учаскелері жабылады:

- Ақмешіт көшесінен бастап ЭКСПО аумағын толық айналып өту;

- Түркістан көшесі Ұлы-Дала көшесінен Абу-Даби Плаза ғимаратына дейін;

- Ақмешіт көшесі – Абу-Даби Плаза ғимаратынан ЭКСПО алаңына дейін

- 3 шақырым қашықтыққа Ұлы Дала көшесінің бойындағы Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесінің аралығы жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Берік Арманов
Бөлісу: