Оқиға елорданың ойын-сауық орындарының бірінде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кафе қызметкері бірнеше минутқа кабинеттен шығып кеткен сәтте өзінің ұялы телефоны жоғалғанын анықтаған. Күдікті ретінде 36 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, ол жұмыс іздеп келген сәтте 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын ұрлап кеткен.
Күдіктінің айтуынша, ол кеңсеге жұмысқа орналасу мақсатында келген. Әкімшіні күтіп отырған кезде үстелдің үстінде жатқан телефонды байқап қалып, бір сәтте смартфонды қолына алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, ұрланған телефонды сатып жібергенін, ал ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған,-делінген полиция мәліметінде.