Астанада ер адамнан есірткі тәркіленді

7 Қараша, 14:00 625

Елордада полицейлер 19 жастағы тұрғыннан есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіттің есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін екені туралы полицияға хабар түскен. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Тінту барысында ер адамнан ақ түсті бөтелке ішінде 25 дана көлеміндегі дәрі түріндегі ақ-қызғылт түсті зат тәркіленді.

Полицейлер күдіктінің айғақтарын тексеру кезінде жасырылған есірткіні анықтап, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша бұл “MDMA” психотроптық заты немесе “экстази” деп аталатын метамфетамин екені расталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қалалық ПД УҰИ-ға қамалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: