Астанада ер адам жасөспірімді пышақтады

12 Тамыз, 18:05 981

Астанада бұрын сотты болған ер адам жасөспірімді пышақтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде елордада жасөспірімді үш рет пышақтағаны туралы видео тарады. Қалалық Полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Письма президенту» Telegram-арнасы Астанада 15 жастағы жасөспірімді үш рет пышақтағаны туралы ақпарат жариялады. Күдікті бұған дейін сотталған азамат екен.

Тиісті сот сараптамасы тағайындалды, тергеу жүрып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Ал жарақат алған жасөспірімнің анасы жедел жәрдем шақырту түскен соң араға 40 минут салып қана келгенін алға тартты. Абырой болғанда, ол өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: