29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада полицей көпірден секірген ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, бүгін таңғы сағат 06:35 шамасында кезекшілік кезінде полицейлер «Арқар» көпірінің қоршауынан асып өткен ер адамды байқаған. Олар дереу оқиға орнына жеткенімен, азамат сол сәтте суға секіріп кеткен еді.
Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Думан Тойғұлынов жедел жетті. Жағдайды бағамдаған полиция капитаны Нұрсұлтан Динабеков бірден суға түсіп, зардап шеккен азаматқа қарай жүзіп барды. Ол ер адамға құтқару шеңберін кигізіп, оны жағаға алып шықты. Онда жедел жәрдем тобы дайын тұрған еді.
Ойлануға уақыт болмады. Мен жақсы жүземін, сондықтан өзімді сенімді ұстадым. Жылдам әрекет ету керек болды. Бұл - менің полиция қызметкері әрі адам ретіндегі парызым. Мұндай сәтте тек бір ғана мақсат болады - адамды құтқару, - деді Нұрсұлтан Динабеков.
Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсету үшін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек