Астанада ер адам дүкен сөресінен жаңа етік киіп, ескісін қалдырып кеткен

30 Қаңтар, 14:46 1335

Елордалық ер адам дүкен сөресіне ескі етігін қалдырып, жаңасын киіп кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері дүкеннен аяқ киім ұрлау фактісіне қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.  

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам сауда ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келген. Дүкен сөресіндегі аяқ киімдерді қарап жүріп, өзіне ұнаған етікті киіп, сауда залынан шығып кеткен.

Бейнекамера жазбасында ер адамның ескі аяқ киімін қорапқа салып, жасырын сөреге қойып кеткені көрінеді. Аталған фактіге қатысты (Ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: