Елордада 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарына тіркеу науқаны өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл әр тұрғынға бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (жаяу жету қашықтығында) поликлиниканы еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету және медициналық ұйымдарға ресурстарды алдын ала жоспарлап, келесі жылы тіркелген халыққа сапалы қызмет көрсету үшін жүргізіледі.
Тіркеу халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Азаматтар емханаға тіркелуін электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы немесе қалалық iKomek 109 қолдау қызметі арқылы тексере алады.
Тіркелуге құқығы барлар:
Тіркелу тәртібі:
1. eGov.kz порталы арқылы. Авторизациядан өтіп, электрондық өтінім толтырыңыз. Нәтиже немесе дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.
2. Таңдалған емханада жеке өзі. Жеке куәлікті көрсетіп, ұйым басшысының атына өтініш толтырылады.
3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы.
Маңызды: тіркелу ЖСН бойынша және тек бір ғана БМСК ұйымына жүргізіледі. Егер сіз емханаңызды өзгертпесеңіз, жаңа өтінім берудің қажеті жоқ: қазіргі ұйымыңызда тіркеуде қала бересіз.
Науқан барысында тіркелген тұлғалар таңдалған медициналық ұйымнан қызметті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ала бастайды. Осы жылдың соңына дейін қызмет бұрынғы емханада жалғасады.
Тіркеуден бас тарту негіздері:
Қосымша түсініктемелер алуға болады: