Астанада «Елорда кұрылыс компаниясының» директоры сотталды

9 Қазан, 20:22 513

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС Бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Р.А. Кадесовке 10 жыл, О.Б. Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот Р.А. Кадесовтың мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Антикор.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: