21.12.2023
11:53
1725

Астанада екінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды

Астана қаласының әкімдігі оқушылар қашықтан оқитыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.