Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

16 Ақпан, 10:54 572

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 16 ақпанда екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді, - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 16 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы – түнде 33-35, күндіз 27-29 аяз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: