22.11.2023
15:40
1231
Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының сабағы қысқарады

Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының сабағы қысқарады

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының сабағының ұзақтығын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қаланың білім басқармасына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сабақтың соңында балаларды мүмкіндігінше ата-аналары немесе заңды өкілдері қарсы алуы керек.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды. Алайда, әр ата-ана баланы мектепке жібермеуге құқылы, бұл туралы сынып жетекшісіне алдын ала хабарлайды.