23.01.2025
11:03
831
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елордада ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.