13.03.2024
15:15
1234
Астанада екі қабатты ғимарат өртке оранды

Астанада екі қабатты ғимарат өртке оранды

Елордада екі қабаттан тұратын ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

 Астана ТЖД хабарлауынша, отқа оранған екі қабатты ғимарат – автоәйнек өндіру және орнату цехы.

13 наурызда сағат 12:53-те Астана Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылындағы цехтың қосымша бөлігі өртеніп жатыр деген хабарламаға ден қойды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.