08.08.2023
09:36
1325
Астанада екі көше жабылды

Астанада екі көше жабылды

Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 8-11 тамыз аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 8-11 тамыз аралығында Тұран даңғылының Жұлдыз айналымынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.